Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ресейдің бұрынғы көлік министрі өзіне қол жұмсады – БАҚ

 

Ресей Федерациясының көлік министрі қызметінен босатылған Роман Старовойт өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бірқатар ресейлік және шетелдік ақпарат көздері хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, экс-министр Мәскеу маңындағы Одинцово қаласында, өз үйінің маңында көлік ішінде өзін атып өлтірген. Қайғылы оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Старовойттың қызметтен кетуі жуырда Ресейге бағытталған ұшқышсыз ұшақтар (дрондар) шабуылынан кейін бірнеше рейстердің кешігуіне байланысты болған. Осы оқиғадан соң ол жауапкершілікке тартылып, министр лауазымынан босатылған еді.

Қазір бұл оқиғаға байланысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілмеген. Тергеу амалдары жалғасуда.

You Might Also Like

Новости

Реклама