Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Астанада 8 наурызға орай кімдерге ақшалай төлем беріледі?

Астанада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 37 мыңға жуық көпбалалы отбасылар мен аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кімдерге беріледі?

Төлем мөлшері 2,5 АЕК (10 813 теңге) болады. Оны Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасылар мен аналар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналар, оның ішінде аз қамтылған аналар ала алады.

Бұл төлем Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мөлшер белгілеу және оларды айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Өткен жылы 8 наурызға орай Астанада шамамен 36 мың көпбалалы отбасы мен аналарға осындай біржолғы төлем берілген болатын.

Новости

Реклама