Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Астанада LRT-ға жол жүру ақысы бекітілді: қанша теңге болады?

Астанада жеңіл рельсті көлікпен (LRT) жүру және багаж тасымалдау тарифтері бекітілді. Бұл туралы «Ашық НПА» порталында жарияланған қаулы жобасында айтылады.

Бұл құжатта қолма-қол және қолма-қол емес төлемдер бойынша, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдікті жол жүру ақысы белгіленген.

Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтар қалалық LRT бағыттарында тегін жүру үшін жеңілдікті көлік картасын пайдалана алады.

LRT-ға жол жүру тарифтері келесідей болады:

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 27 наурызға дейін жалғасады. Одан кейін тарифтер күшіне енеді.

2024 жылдың желтоқсан айында қала әкімі LRT-ға жол жүру құнын арттыру жоспарланғанын хабарлаған болатын. Қаржылық-техникалық негіздеме әзірленген кезде LRT-ға жол жүру бағасы 200 теңге деңгейінде белгіленген еді.

Новости

Реклама