
- 17 июн. 2025 13:07
- 25
Астанада қос аяғынан айырылған қыз ауруханадан шықты: Оңалту курсы басталады
Астанада жантүршігерлік жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған жасөспірім қыз ауруханадан шығарылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.
"Бүгін бала стационардан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Өкінішке қарай, өмірін сақтау үшін екі аяғын ампутациялауға тура келді", – деді Мұратов БАҚ өкілдеріне.
Қазіргі уақытта қыз Ақмола облысы, Егіндікөл ауданындағы тұрғылықты мекенжайы бойынша оңалту курсына жіберілді. Оған арнайы емхана жеке оңалту бағдарламасын дайындап жатыр.
Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Астанада жолаушылар автобусы жол апатына