Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
"Вокзалда бомба бар": Алматы тұрғынының жалған қоңырауы 4 жыл түрмемен аяқталды

"Вокзалда бомба бар": Алматы тұрғынының жалған қоңырауы 4 жыл түрмемен аяқталды

Алматының 44 жастағы тұрғыны вокзалдарға жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқаны үшін сот үкімімен төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы мәлімдеді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ер адам төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, вокзалдарға бомба қойылғанын хабарлаған. Жалған дабылдан кейін төтенше жағдайлар қызметтері мен құқық қорғау органдары аяғынан тік тұрып, вокзал аумағынан адамдар шұғыл эвакуацияланған.

“Сараптама нәтижесінде күдіктінің жеке тұлғасы анықталып, дабылдың жалған екені дәлелденді. Мемлекеттік органдарға келтірілген материалдық шығын 3,3 миллион теңгеден асты”, – делінген прокуратура мәліметінде.

Сот Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша үкім шығарды. Бұған қоса, сотталушы мемлекетке келген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндеттелді.

Прокуратура жалған ақпарат тарату – тек жазаланатын қылмыс қана емес, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін еске салады.

You Might Also Like

Новости

Реклама