Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Астанадағы стоматология орталығында 20 жастағы жігіт көз жұмды

Астанадағы жекеменшік стоматология орталығында ем қабылдаған 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жас жігіттің Астанадағы стоматология клиникаларының бірінде қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, дәрігер аллергиялық сынамасыз препарат енгізген. Одан кейін науқаста талма ұстамасы басталып, жағдайы күрт нашарлаған. Соған қарамастан, оған препарат қайта салынған. Осыдан кейін жігіт қайтыс болған.

Ақпаратта сондай-ақ, аллергиялық сынамасыз инъекцияны тәжірибеден өтуші жасағаны, ал стоматологтың жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны айтылған. Жанында 1993 жылы туған медбике болған.

Новости

Реклама