Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық біліммен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің талабы. Егер баланың ұрлыққа қатысы бар екенін сезген жағдайда, ата-аналар қандай шара қолдануы қажет?

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
І санатты педагог-психолог: Кабенова Гулжазира Сайновна

 

1. Баланы өз қолыңызбен ұрлық үстінде ұстай алмасаңыз, қанша жерден күдіктенген жағдайда да, бала жазықсыз болады.

2. Өте сақ болыңыз, сонымен қатар өте  ұғымтал болыңыз, есіңізде ұстаңыз-сіздің алдыңызда әккі ұры емес, бала тұр. Бала қалай, қандай болып өседі, ол сізге байланысты.Тез шешім қабылдасаңыз, сіз баланың түбегейлі түрде өміріне балта шапқандай боласыз. Осыдан кейін бала өз-өзіне сенімсіздік танытып, ортада да оқшауланып, басқалармен байланысуға, қарым-қатынас жасауға көңілі соқпайды.

3. Кейбір ата-аналар өз балаларының қолдарынан ұрып, баланы жазалап, қорқытып, балаға үкім шығарып және өте ертеде ұрылардың қолдарын шабатын болған деп, баланы қорқытып, егер тағы келесіде қайталайтын болса, полиция қызметкерлеріне өзінің  апарып тапсыратындығын ескертіп, баланы жазаға тартады. Бұндай келеңсіз жағдайлар баланы қатал адамға айналдырады, балаға өзінің жеке басының кемшілігін сездіреді.Сондықтан баламен бірігіп жауапкершілікті бөлісіңіз, жағдайды түзеуге көмектесіңіз, бұндай жағдайлар туралы бала кітаптардан оқып, ата-анасының өзін қиындықта тастап кетпейтіндігіне қуанады.

4. Балаға жасаған ісінің жаман екенін, өзіңізді қатты қынжылтып ренжіткендігін айтып, түсінік беріңіз, бірақ жасаған ісің – қарақшылық, ұрлық, қылмыс деп балаға ұрыспаңыз. Жай әңгімелесу, өз сезімдеріңіз жөнінде талқылау, кез-келген қиын жағдайдан шығу жолдарын баламен бірігіп отырып іздеу, ең жақсы шешім және іс-әрекет болмақ.

5. Бұл іс–әрекеттің негізгі себептерін жетік түсінуге тырысыңыз, мүмкіндік бұл ұрлық негізі бір қиындықтың салдарынан болып тұрған шығар, соған назар аударыңыз. Мысалы бала сұрамастан ақшаны не себептен алды деп ойлаңыз, мүмкін біреуге қарыз беруге керек шығар, ал бұл жөнінде айтуға ұялып, қысылатындықтан айта алмаған болар немесе ол біреудің затын жоғалтып алып, енді сол заттың қарымтасын қайтаруы керек болған шығар. Осылай туындаған қиындықтан бірге шығуға әрекет етіңіз.

Есіңізде ұстаңыз – бұл екеуіңіздің бірігіп қабылдаған шешімдеріңіз болсын, сіз оны өзіңіздің бұйрығыңызға айналдырмаңыз.

6. Ұрланған затты міндетті түрде өз иесіне қайтару қажет, бірақ бұны балаға өздігінен жасату міндетті емес, баламен бірге барып қайтарыңыз. Бала кез-келген адамның қолдауға, жақындарының көмектеріне сүйенуге құқылы екендігін сезінуі тиіс.

7. Егер баланың бөтен затты рұқсатсыз алғанына сенімді болсаңыз, бірақ баланың өзі оны мойындамауға қиналса, бұл жағдайда балаға затты ешкімге білдірмей өз орнына қайтадан апарып қоюын айтыңыз. Мысалы, кішкентай балаға: «Меніңше, үйдің ішінде үй иесі» бар сияқты. Кейбір заттарды сол алып кеткен болуы керек. Мүмкін оны біз сыйлап, ас дайындап берсек, мүмкін мейірленіп, бізге жоғалған затты қайтарып берер - деген сөздерді айтуға болады. Балаға өздігінен шешім етуге, өздігінен жағдайды жақсартуға жол беріңіз. Психолог Э.Ле.Шан былай кеңес береді: егер балаңыздың қолынан бөгде ойыншықты (ұрлап алған ойыншығын) көрсеңіз, балаңыз ол ойыншықты біреудің сыйға тартқанын айтса, ондай жағдайда былай айтыңыз: -

Мен сені өте жақсы түсінер едім, бұл затты сыйға тартты – деп өзіңді сендіресің. Ұрлықтың  себебі өз еркіңнің жігерсіздігі ғана емес,  сонымен қатар достары да үлгі болуы мүмкін. Жай ғана жолдастарымен бірге жүруі үшін, ұрлыққа баруы мүмкін. Жасы кіші, кішкентай  кезінде балаға іс-әрекеттерінің жаман екенін, жақсылыққа жатпайтындығын айтып түсіндіру жеткілікті, сонымен бірге баланы жаман әдетке үйретіп, үлгі көрсететін ортадан қорғау қажет. Есейген шағында барлығы да өзгеріп, дұрыс нақты ескертілуі керек. Бала досты, құрбыны өзі таңдайды және сіздің ойыңыз, балаға олармен достасу жараспайды деуіңіз, олар сияқты достарды таңдамау керектігі туралы айту, сіздің және баланың арасында тікелей қарама-қайшылыққа соқтырады. Балаңыз сізден алыстап кетуі мүмкін, кімдермен уақыт өткізеді, кіммен достасады, соның барлығын сізден жасыра бастайды. Сонымен қатар, өз достарының ортасында, солардың көзінше ұрлық жасау, ұрлықшы топпен бірігу, бұрлыққа бару – осының барлығы баланың өз ортасында беделін жоғарылатады. Баланың барлық жолдастарын, достарын, құрбыларының кім екендігін біліп отыру міндетті түрде қажет, егер сіз балаңыздың достарының жаман қылықтарын үлгі қылып, сол достарының ықпалына беріліп бара жатқандығын толық сезсеңіз, балаңыздың құрбыларын, бірге жүретін достарын үйге шақырыңыз, мүмкін болса олардың ата-аналарымен танысыңыз. Ең маңыздысы, балаңызбен екеуіңіздің араларыңда жақсы сырласып, әңгімелесетін бір жағдайды ортатыңыз, бұны балаңыз кішкентай кезінде қамтамасыз еткен жақсы, балаңызды жақсы, тәртіпті ортаның балаларымен кішкене кезінен таныстырып, сол ортаға бейімдеңіз. Бұл ортаны өз достарыңыздың балаларымен, балаңыздың сыныптастарымен, негізгі бір клубтың қатысушы мүшелерімен, үйірменің, спорттың секцияның қатысушы мүшелерімен, бір сөзбен айтқанда, кез-келген мәдени орта, мәдениошаққа қатысушыларынан құралған әлеуметтік қызығушылықтары бар және бір–біріне  жақсы көзқарастағы балалармен құрған жөн.

8. Сенімді әңгіме – ол маңызды әдістің бірі. Баламен сенімді түрде әңгімелесу – ең жақсы профилактика. Балаңызбен бірге отырып, оның қиындықтары туралы әңгімелесіңіз, өз қиындықтарыңыз туралы айтыңыз. Әсіресе ең жақсысы, егер сіз балаңызға өз қиындықтарыңызды және уайымдарыңыз туралы, балаңыздың әдістік қылық (ұрлық ) жасаған кездегі өз қайғыңызды, сеніміңізді айтып бөлісіңіз. Бала сіздің шын жанашырлығыңызды, түсіністік білдіретін көзқарасыңызды, достық тілегіңізді сезінеді. Балаңызға негізгі өмірлік қажеттіліктерді айтыңыз. Мысалы: спортпен айналысу, өнермен шұғылдану, коллекциялар жинау, кітаптар оқу, фотоға(суретке) түсіру. Сіз бұл әрекетті ертерек бастағаныңыз жөн.

Өмірі неше түрлі қызықты әсерлерге толы болса, қызықты істермен айналысса, онда сол адам өзін өте бақытты және керек екенін сезінеді.

Ол балаға, біреулердің назарын өзіне аударып жатпай – ақ, біреуімен болса да онымен дос болуға ниеттенеді. Баланы, өзін басқалардың орнына қойып, басқалардың сезімдері жөнінде ойлауға міндетті түрде үйрету керек. Ең маңыздысы, баланың өзі үйдегі өзінен кіші  бауырларына немесе үйге қажетті затқа үлкен жауапкершілік білдіргені жақсы, сонымен қатар үйдегі гүлге су құю, дүкеннен нан әкелу, 7-8 жасынан бастап өзінің жеке сөмкесін, үстелін, бөлмесін жинап, таза ұстауға үйреніп, дағдыланып, жауапкершілікпен қарауы керек. Бірте-бірте оған жұмыс тапсырып, жауапкершілікті бөлісіңіз.

Әсіресе бозбалалық (есейген) шақтағы қайталанып жасалатын ұрлық пен үйден тыс жерлерде жасалатын ұрлықтың немесе тонаудың өзі көп алаңдаушылық туғызады. Негізі баланың бозбалалық (есейген) шағы қиындық туғызады .Егер бала үнемі ұрлық жасаса, бұл жасан әдетке айналып кетуі мүмкін. Егер ол жанұясын емес, үйінен  тыс жерлерден ұрлық жасаса, бұл өзінің кейбір жетіспеген қалауларын ұрлық арқылы жетістіруі болады. Егер бала ұрлыққа үнемі барса есейген шағында  - бұл мінез-құлқының бір қалыптасқан дағдыға айналған бөлімі болады. Бірақ кез–келген жағдайда бала сіздің түсінушілігіңіз бен келешегіңізге, аяушылығыңызбен көзқарас, назарыңызға арқа сүйеуге болатынын білу керек. Баланың кейбір қиындықтары, үлкендердің көзқарасы бойынша кей кезде күлкіні, ойдан шығарылған сияқты, ойлауға да  тұрмайтындай болып, көрінеді, бірақ баланың ойынша ол олай емес. Балаға кейбір жағдайлардан шығу өте қиын болып көрінеді. Бұл жөнінде тек ата-аналар мен мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар психологта ұмытпағаны маңызды. Ұрлықтың  қиындықтарымен жұмыс жасай жүріп, өзіңізді баланың орнына қойып көрген маңызды, бұндай жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз, не сезінер едіңіз – осының барлығы баланы толық түсінуге көмектеседі. Ұрлық  жасаған балаға негізінде түсінушілікпен қарау жетіспейді.

• Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ой-санасын ояту).
• Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру).
• Он бес жастан құрбыңдай сыйлас («Он үште отау иесі» болар тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісіне бағдарлау).     
 
Халықтық педагогикадан.


You Might Also Like

Новости

Реклама