- 14 янв. 2017 00:00
- 285
Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын қағазға түсіруді сұрады
Атырау облысы әкімдігінің “Фэйсбуктегі” парақшасында оқушыларға арналған ерекше хабарлама пайда болды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі жас өрендерді армандарын қағазға түсіріп, почта арқылы әкімдікке жіберуді сұраған.
“Достарыңа, жақындарыңа, ауылыңа, көшеңе өзің қандай жақсылық жасауды армандайсың? Оларға нендей нәрселер керек? Жақындарыңа көмектесу үшін өзің не істеп жатырсың және не істегің келеді? Осыларды жақсылап ойлан. Содан соң сол армандарың мен мақсаттарыңды қағазға түсіріп бізге жібер”, - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама оқушыларды армандауға, алдында мақсат қойып сол бағытта жұмыс істеуге үйретеді.
Әкімдік өкілдері қаламмен жазылған хатты Атырау облысы әкімі аппараты Баспасөз қызметі бөліміне жолдауды сұраған.