f.azh.kz
- 10 апр. 2026 04:30
- 29
Атырауда жасыл аймаққа биодәретхана орнатылды: қала тұрғындары талқылауда
Атырау қаласының орталығында, К. Сатпаев даңғылы бойындағы жасыл аймаққа қойылған биодәретхана жұртшылықтың назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге айқын көрінетін жерге уақытша дәретхана орналастырылуы көпшіліктің таңданысын тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты әзілдерін жасыра алмады. «Бұл енді қаланың көркейтілуінің жаңа деңгейі ме? Тіпті қаланың ортасында, жолдың ортасында дәретхана тұр», - деп жазды пікір білдірушілер.
Әкімдіктің жауабы
Қала әкімдігі бұл биодәретхананың орнатылуына қатысты түсінік берді. Олардың айтуынша, бұл нысан К. Сатпаев даңғылындағы абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан «КДМС» мекемесінің қызметкерлеріне арналған. Жұмыстарға шамамен 50-ге жуық қызметкер тартылған.
Дегенмен, қала тұрғындарының кейбірі уақытша нысанның неге дәл осындай көзге түсетін жерге орналастырылғанына қатысты сұрақтарын қоюда.