Последнее обновление

(Время обновление 3 месяца назад)
Атырауда мектептің экс-қызметкері директор орынбасары өзіне қол жүгірткенін айтты

Атырауда №30 мектептің экс-қызметкері Дулат Далиев директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын 2013 жылы өзіне тиіскенін айтып, бейнеөтініш жасады, деп хабарлайды Infohub.kz.

Бұл істі ер адам 10 жылдан астам уақыт бойы жасырып келген. Экс-мұғалімнің айтуынша, 2013 жылы ол мектепке жұмысқа орналасқан. Директор орынбасары жігіттің категория және алғашқы жалақы алуын атап өтуді ұсынған.

Директор орынбасары оны әуелі мейрамханаға кейін пәтерге шақырған. Бірақ мас болған жас маман таңертең жалаңаш күйде ояныпты.

"Пәтерде тағы екі ер адам болды. Сол кезде ол маған: "Біздің әлемге қош келдің. Енді сен бізденсің" деді. Егер біреуге мен туралы айтатын болсаң, сені де айтамын деп қорқытты", – дейді экс-қызметкер.

Қазіргі таңда директордың орынбасары қаладағы мектептердің бірінде директор екен. Бұл жағдайға қатысты мектеп директоры өзі пікір білдірді. Сөзінше IT маманы жалған ақпарат беріп отыр екен.

 

 

 

 

You Might Also Like

Новости

Реклама