
Фото: gov.kz
- 02 сент. 2025 14:01
- 30
«Алматыдағы футбол алаңы «Реал Мадридті» қабылдауға дайын» — Туризм және спорт министрі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматының орталық стадионы қазақстандық «Қайрат» пен испандық «Реал Мадрид» арасындағы футбол матчын өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Infohub.kz.
26 тамыз күні «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Көп өтпей алматылық команданың Реал Мадридпен ойнайтыны белгілі болды. Испандық команда Қазақстанға келеді.
Мырзабосыновтың айтуынша, Алматы қаласы қарсыласын қабылдауға дайын.
«Матчқа ең мықты команда – «Реал Мадрид» келмек. Бұл шынымен де оқиғалы туризм. Осы уақытқа дейін іс-шаралар өткізіліп келді. Бұдан біз дайын екенімізді көрдік. Инфрақұрылымымыз осындай көлемдегі іс-шараларды өткізуге дайын», - деді министр.
Ербол Мырзабосынов Алматыдағы стадион УЕФА талаптарына сай келетінін және төртінші санатқа жататынын атап өтті.