Photo: Luis del Río (https://www.pexels.com/@luisdelrio) / Pexels
- 25 мар. 2026 11:30
- 31
Атыраудағы жаңбыр жұртты шошытты: Балшықтай жауған жаңбырдың себебі не?
Атырауда 24 наурызда жауған жаңбыр тұрғындарды елең еткізді. Әдеттегіден өзгеше, балшықтай жауған жаңбыр суы киімдерін былғап, жұртшылықтың таңданысын тудырды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әртүрлі пікірлер айтылуда.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңбырдың ерекшелігі
Тұрғындардың айтуынша, жауған жаңбыр суының құрамында шаң немесе басқа да заттар араласқан сияқты. Бұл туралы бір азамат былай деп жазды: "Үстіміздегі киімдерді ағар-жағар, айғыздап тастады. Кәдімгі жаңбырға киім бұлай былғанбайды ғой. Ал мынау жаңбыр шаңмен аралас па, бірдеңе" дей келе, бұл жағдайға жұртшылықтың пікірін сұрады.
Қауіпті жаңбыр болуы мүмкін бе?
Видео тарағаннан кейін көпшілік бұл жаңбырдың улы немесе химиялық болуы мүмкін деген болжамдар айтты. Кейбір тұрғындар өздерінің де киімдерінің дәл осындай балшық болып қалғанын растады. "Иә, менің де үстім солай балшық болып, үйге келдім", "Теңізде де солай болды" деген пікірлер жазылды. Бұл жағдайдың экологиялық ахуалға қатысты болуы мүмкін деген де ойлар айтылуда.