Photo: Jakson Martins (https://www.pexels.com/@jaksonmartins) / Pexels
- 31 янв. 2026 14:01
- 16
Атыраудағы жоғалған отбасы: жаңа деректер пайда болды
Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл оқиға қоғам назарын аудартып отыр.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іздестіру шаралары жалғасуда
Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтановтың айтуынша, қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында тұр.
"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімі шыққанша адам кінәлі емес деп есептеледі. Әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарап жатыр. Сол ақпараттарға сенбей, тек ресми ақпаратқа сүйенсе екен деп айтып жатырмын", – деді Нұрболат Сұлтанов.
Ауа райы кедергі келтірді
Прокуратура өкілі күдікті мен марқұмдардың балаларын іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. "Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Тоқтамайды да. Қызылқоға ауданында ауа райының күрт өзгеріп, қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша тоқтады. Жақын арада жалғасын табады. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балаларын іздестіру тоқтаған жоқ. Қосымша ақпарат беріледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.