ult.kz
- 11 июн. 2026 14:30
- 26
Атыраудағы қанды қырғын: Сот отырысында мәйіттің жағдайы жұртты шошындырды
Атырауда қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты мән-жайлар баяндалды. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, сотта марқұмның мәйітінің жағдайы туралы айтылған деректер тыңдаушыларды елең еткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны анықталған. Бұл туралы сотта көрсетілген бейнежазбадан да көруге болатыны айтылды. Алайда, судья аталған видеоны жариялауға рұқсат бермеді.
Сотқа тартылған қылмыстық іс
Сұлтан Сәрсемәлиев 2026 жылы Атырау облысында үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сотқа тартылған азамат. Ол бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді, сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық жасады деген айыптармен сот алдында жауап беріп отыр. Бұған дейінгі сот отырыстарында айыпталушының ата-анасы куәлік берген болатын. Әкесінің жауабы кезінде Сұлтан Сәрсемәлиевтің көз жасына ерік бергені туралы ақпарат тараған еді.