Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Атыраудағы трагедия: Күдіктінің анасы келінінің шашын неге алдырғанын айтты

Атырау облысы, Жангелдин ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына байланысты жаңа деректерді айтты. Ананың айтуынша, құзырлы органдар жағдайды дұрыс түсінбеген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Руслан Өтепбайдың «Келіннің шашын неге тықырлап алып тастадыңыздар?» деген сұрағына күдіктінің анасы былай деп жауап берді:

Шаштың алыну себебі

«Келіннің үсті-басына жара шығып кетті. Биттеп кетті. Содан амалсыз шашын алып тастауға тура келді. Мен өзім рұқсат бердім. «Сұлтан, шашын ал! Түні бойы басын қасып, жара қылып алды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер. Масқара боламыз», дедім. Сұлтан қимады, өйткені жақсы көреді ғой сүйіп қосылған келіншегін. Ақбаян да қарсы болмады, тіпті рахаттанып қалды. Басын аппақ қылып жудым. Қан құйылғаннан кейін реакция беріп, жара шыққан екен. Оны полиция басқаша түсінді. «Неге алдыңыз шашын? Олай ала ма?» деп, басқаша ойлапты. «Күйеуінен таяқ жеп, шашын өзі алдырған» деп ойлаған. Олардың арасы жақсы еді, ешқандай кикілжің болған жоқ», - дейді ана.

Новости

Реклама