Photo: Afif Ramdhasuma (https://www.pexels.com/@javaistan) / Pexels
- 23 мая 2026 14:00
- 25
Атыраудағы трагедия: Такси жүргізушісінің жауабы қылмыстық істің бетін өзгертті
Атырауда Қарабалиндер әулетінің қайғылы қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Бұл істе Сұлтан Сәрсемәлиев айыпталушы ретінде жауап беріп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қайын жұртының өліміне қатысы бар екенін мойындаған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс бойынша күдіктінің ізі қалай анықталды?
Атырау облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратов сотта күдіктінің ізі қалай табылғанын баяндады. Оның айтуынша, тергеу барысында 40-тан астам адамнан жауап алынған. Олардың қатарында марқұмдардың туыстары, көршілері және оқиғаға қатысты ақпарат бере алатын азаматтар болды.
Банк шоты мен такси жүргізушісінің жауабы
Тергеушінің сөзінше, алғашқыда ерлі-зайыптылар із-түссіз жоғалғандар ретінде тіркелген. Кейін полиция олардың банк есепшоттарын тексеріп, ақша қозғалысын, қаражаттың қайда және қашан жұмсалғанын анықтауға кіріскен.
«Алдымен есепшоттар тексерілді. Ақша түсті ме, қай жерде жұмсалды – бәрі қаралды. Сол кезде күдікті Сәрсемәлиевтің шотына ақша аударылып жүргені белгілі болды. Кейін ауылға апарып-әкелген такси жүргізушісі анықталды. Ол қараша айында ерлі-зайыпты мен баласын жеткізген. Қайтар жолда оның жанында Мейрамгүл Мұқанғалиева да болған», – деді Темірхан Қажымұратов.
Қазір сотта қылмыстық істің барлық мән-жайы қаралып жатыр. Тергеу тарапы бұл істі аса ауыр қылмыс ретінде бағалап отыр. Айыпталушыға қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
-
В Уральске 96-летняя Сандеш Жапашева не получила праздничную выплату ко Дню Победы, так как ее данные пропали из электронных баз.
-
Атырауда Қарабалиндер әулетінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Іске күдікті ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев тартылып отыр.