f.azh.kz
- 24 мар. 2026 00:30
- 19
Атыраулық Евгений Загорко Гонконгтан табылды: жағдайы белгісіз
Екі күннен астам уақыт бойы байланыссыз қалған Атырау қаласының тумасы Евгений Загорко Гонконгтағы ауруханадан табылды. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты мәлімет әзірге жоқ.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық қорғау органдары мен консулдық қызметтер тарапынан да ресми хабарлама әлі жарияланбады. Бұған дейін Евгений Загорконың 20 наурыздан 21 наурызға қараған түні байланысқа шықпай қалғаны хабарланған болатын. Ол соңғы рет «Trilogy» түнгі клубында болған, содан кейін жалдамалы пәтеріне оралмаған және хабарламаларға жауап бермеген.
Бұған дейінгі ақпараттарда ол iSQUARE сауда орталығындағы Ruby International апартаментінде тұрғаны, жеке заттары орнында қалғаны айтылған еді. Туыстары оның жағдайына алаңдап, іздеуге көмек сұраған болатын.