Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Ауылдан шыққан қазақ жігіті АҚШ-та Disney компаниясына жұмысқа тұрды

Ұлытау облысының шағын ауылынан шыққан Манарбек Төлеу есімді жас қазақстандық Америка Құрама Штаттарындағы танымал Walt Disney Imagineering компаниясына жұмысқа орналасты. Бұл жас маманның әлемдік деңгейдегі жобалардағы еңбегі мен талантының айқын дәлелі болып отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бала кездегі арман

Манарбектің архитектураға деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Әкесімен бірге ат қоралар мен шаруашылық нысандарын салуға көмектескен ол, кеңістіктерді өз қолымен жасауды ұнатқан. Осы арманының жетегінде ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне оқуға түсіп, кәсіби маман болуды көздеген.

Халықаралық тәжірибе

Университетті бітірген соң, Манарбек бірқатар ірі жобаларға қатысты. Оның қатысуымен Абу-Дабидегі EXPO халықаралық көрме орталығы, Астанадағы Abu Dhabi Plaza және Түркістандағы Karavan Saray сауда ойын-сауық кешені сияқты жобалар жүзеге асқан.

Disney командасына қосылу

Тәжірибе жинақтағаннан кейін қазақстандық маман қайтадан АҚШ-қа оралды. Алдымен ол әлемдегі ең ірі медиа компаниялардың бірі – NBCUniversal командасына қосылды. Кейіннен, оған Walt Disney Imagineering компаниясынан жұмысқа шақыру келді. Бұл – әлемге танымал компанияның шығармашылық және инновациялық жобаларын жүзеге асыратын бөлімі.

Новости

Реклама