- 05 мар. 2024 04:41
- 308
Айналайын Ақ мамам
"Айналайын Ақ мамам"
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Жүргізуші:
Қымбатты аналар, ардақты ұстаздар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз
«Айналайын Ақ мамам»деп аталған аналарға арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!- деп құттықтау сөз кезегін берейік.
Ән: Құттықтаймын мама туған күніңмен
Тақпақтар:
1. Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің.
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
2. Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.
3. Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!
4. Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?
5Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!
Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекті қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Би: Гүлдер
Жүргізуші:
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
6. Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
7. Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
8. Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
Жүргізуші:
Қуанамыз сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу шашамыз - деп Арайлымнаң орындауында «Ата ананы тыңдаймыз» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның аналары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, қыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырамыз.
Би: «Журекшемен»
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ дей келе барлық аналардың құрметіне балалардың құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Жүргізуші:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын - деп ортамызға тобымыздың жігітімен аруларымызды ортаға шақырамыз.
Би: Вальс
Жүргізуші:
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері - деп келесі құттықтаулар әжелерімізге арналады.
Тақпақтар: әжелерге
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Аналармен ойын «Ана мен бала»
Жүргізуші:
Құрметті аналар, әжелер «Гүлдер» тобының «Айналайын Ақ мамам» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!
Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
тәрбиешісі Турганбаева Нурсауле