
- 03 июл. 2025 00:37
- 32
AZAL ұшағының апатына қатысты тергеу үш елде қатар жүргізілуде — Бас прокуратура
AZAL әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатына байланысты тергеу жұмыстары бірден үш мемлекеттің аумағында қатар жүріп жатыр. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы тергеу департаментінің басшысы Немат Авазов мәлімдегенін “Адырна” ұлттық порталы хабарлады.
Авазовтың айтуынша, апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында қазіргі таңда шамамен 100-ге жуық түрлі сараптама тағайындалған. Тергеу аясында қажетті барлық іс-шаралар жүргізілуде.
— Жақында әзербайжандық мамандар Қазақстанға арнайы барып, осы оқиғаға қатысты кең ауқымды талқылаулар өткізді. Біз сараптама нәтижелерін алу бағытында жұмыстарды жалғастырып жатырмыз, — деді ол.
Сонымен қатар, тергеу басшысы кейбір сараптама қорытындылары алдағы уақытта жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.