Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Әзербайжанда орыс мектептері жабылады деген ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

 

Әзербайжанда орыс тілінде білім беретін мектептердің жабылатыны туралы мәлімет әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап, жұрт арасында қызу талқы тудырды. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Oxu.Az-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ата-аналар WhatsApp топтарында орыс мектептерінің жабылуы мүмкін екені жөнінде хабарламалар алғандарын айтқан. Басылымның дерегінше, елде орыс мектептері кезең-кезеңімен жабылады деген болжам айтылған. Мұндай бастаманың артында әзербайжан тілінің білім беру саласындағы мәртебесін күшейту және барлық азаматтарды ортақ тіл аясында біріктіру мақсаты тұрғаны алға тартылған.

Болжам бойынша, алдағы үш жыл ішінде орыс мектептері толықтай әзербайжан тіліне көшіріліп, мұғалімдерге арналған қайта даярлау курстары ұйымдастырылмақ.

Алайда, бұл мәліметке қатысты Әзербайжанның Ғылым және білім министрлігі ресми жауап беріп, таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

— Бұл — шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат. Мұндай мәселеде тек ресми дереккөздерге сенім арту керек, — деп мәлімдеді ведомство РИА Новости агенттігіне берген түсініктемесінде.

You Might Also Like

Новости

Реклама