
- 18 мар. 2025 17:57
- 12
Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Халима Тәжіқұл
Журналист Халима Тәжіқұл «Азаттық радиосының» жабылуына қолдау білдіретіндер шын мәнінде тәуелсіз журналистикадан қорқатындар деген пікір білдірді.
Осыған байланысты журналист Жұлдыз Әбділдә де қоғамдастыққа маңызды сұрақтар қойды:
- «Азаттық» болмаса, Шыңжаңдағы қуғын-сүргін естен шықпас па еді?
- «Азаттық» болмаса, Орталық Азиядан кеткен мигранттардың ахуалын кім жазар еді?
- «Азаттық» болмаса, Қаңтар оқиғасының құрбандары туралы кім сөз қозғап жатыр?
- «Азаттық» болмаса, Қарақалпақ белсенділерінің жанайқайын кім жеткізеді?
- «Азаттық» болмаса, шахтадағы апаттар мен жәбірленушілердің арыз-шағымын кім көтереді?
Бұл сұрақтар тәуелсіз БАҚ-тың қоғамдағы рөлі мен маңызын айқындайды. «Азаттық» секілді басылымдардың жабылуы – ақпарат алу еркіндігіне соққы екені анық.