Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Мешітте аяғын балаларға уқалатқан имам Әбдужаппар Смановқа ҚМДБ ескерту жасады

Мешітте аяғын балаларға уқалатқан имам Әбдужаппар Смановқа ҚМДБ ескерту жасады,-деп хабарлайды Infohub.kz.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешіттің имамы Әбдужаппар Смановтың әрекеті қоғамда қызу талқылануда. Желіде тараған видеода имамның балаларға аяғын уқалатып отырғаны көрініп, бұл жағдай қоғамда наразылық туғызды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасап, имамның әрекетін әдепке қайшы деп бағалады. Ұйым мешіттің ғибадат үйі, рухани орталық және иман мектебі екенін баса айтты. Осы себепті мешітте әдеп пен құрмет сақталуы тиіс екенін ескертті.

ҚМДБ аталған имамға ресми ескерту жасап, мешіт қызметкерлерін мінез-құлық нормаларын қатаң ұстануға шақырды.

You Might Also Like

Новости

Реклама