
Реутерс
- 09 авг. 2025 16:17
- 31
Әзербайжан мен Армения бітімге келді
Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасында тарихи маңызы бар бейбіт келісімге қол қойылды. Құжат ондаған жылдар бойы жалғасқан әскери қақтығысты тоқтатып, тараптарға дипломатиялық қатынастар орнатуға және әріптестікті дамытуға мүмкіндік бермекші.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны маңызды дипломатиялық жеңіс деп бағалап, оған қол жеткізуде бірқатар елдердің еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, келісімге келу АҚШ президенті Дональд Трамптың белсенді әрі нәтижелі делдалдық миссиясының арқасында мүмкін болды – ол екі тарапты саяси ерік-жігер мен стратегиялық көрегендік танытуға көндірді.
Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстанның да бітім процесіндегі үлесін еске салды: Алматы қаласы келіссөз алаңы ретінде ұсынылып, онда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері деңгейінде маңызды параметрлер бойынша келісімдерге келген.