
- 05 авг. 2025 18:03
- 25
«Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын…» Танымал әзілкеш Мереке Қалбаеваның жазбасы жұртты алаңдатты
«Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын…» Танымал әзілкеш Мереке Қалбаеваның жазбасы жұртты алаңдатты
Танымал әзілкеш әрі актриса Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі жүрекжарды жазбасымен жұртты алаңдатты. Ол Instagram парақшасында көз жасына ерік берген сәтінен суреттер жариялап, жеке өміріне қатысты тұспалды жазба қалдырды.
"Кейде өмірде мүлдем қаламаған нәрселер орын алады. Бірақ амал жоқ, қабылдайсың, әрі қарай өмір сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын... Достар, әзірге не болғанын бүкпей айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын — кінә өзімнен," — деп жазды ол.
Әзілкеш бұл сәтте өз-өзіне келу үшін көпшілікке уақыт сұрағандай әсер қалдырды. Жазбасында: "Жылап жататын уақыт жоқ, бірақ әйел ретінде көз жасыммен жеңілдеп қалатыным бар. Мен тіпті шыңғырып жылаймын. Түрім өзгеріп кетті," — деген жолдар бар.
Желі қолданушылары Мерекенің бұл хабары оның отбасылық жағдайына қатысты деген болжам жасап жатыр. Айта кетейік, актриса өзінен бірнеше жас кіші Арсен Акиевке тұрмысқа шыққан болатын. Қазір ол Instagram парақшасынан күйеуімен түскен барлық фото мен видеоларды өшіріп тастаған. Бұл жайт та оқырмандардың күдігін күшейте түсті.
Әзірге Мереке Қалбаева бұл жағдайға нақты түсініктеме берген жоқ. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, сабыр тілеуде.