depositphotos.com/HJBC
- 02 апр. 2026 03:30
- 26
БАӘ Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазын ашу үшін БҰҰ-дан әскери күш қолдануды қоса алғандағы шараларға рұқсат сұрады
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру үшін әскери күш қолдануды қоса алғандағы шараларға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатын сұрады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
БАӘ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының 7-бабын қолдануға дайындалып жатыр. Бұл бап әскери күштерді қолдануға мүмкіндік береді. Абу-Даби Кеңесті Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ету үшін «дереу әрекет етуге» шақырды. БАӘ дипломаттары АҚШ-ты, сондай-ақ Еуропа мен Азияның әскери державаларын Ормуз бұғазын ашу үшін коалиция құруға үндеді. Иран наурыз айының басында бұл маңызды су жолын іс жүзінде жауып тастаған болатын.
БАӘ АҚШ-қа стратегиялық маңызы бар бұғаздағы аралдарды, соның ішінде Иран бақылауындағы және БАӘ талап ететін Абу-Муса аралын басып алуды ұсынды.
Егер БАӘ БҰҰ-дан рұқсат алса, онда соғысқа кірісуге құқықтық негіз алады, деп атап өтті аймақтағы бірқатар БАҚ.
Бұған дейін Бахрейн де БҰҰ ҚК-не ұқсас өтініш жасауға дайындалғаны хабарланған болатын, алайда Ресей мен Қытайдың вето салуынан сескеніп, 7-бапқа сілтемені алып тастауға шешім қабылдаған.
Осы жаңалықтан кейін бірден Дубай мен Абу-Дабиге ауқымды зымыранды-дронды соққы жасалды.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның бітімгершілік туралы өтініш жасағанын мәлімдеп, Ормуз бұғазы ашылмайынша ешқандай келіссөз болмайтынын айтқан еді. Тегеран Вашингтонға өтініш жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бірқатар американдық БАҚ-тың жазуынша, Трамп бейсенбі күнгі үндеуінде Иранмен соғыста жеңіс жариялайтынын айтпақ.