Photo: Juman Salem (https://www.pexels.com/@thelifeofjomanaromana) / Pexels
- 01 мар. 2026 16:00
- 28
БАӘ-дегі қазақстандықтарға көмек қажет: Бас консульство үндеу тастады
Біріккен Араб Әмірлігіндегі (БАӘ) Қазақстанның Бас консульдігі сол елде жүрген отандастарымызға үндеу жасап, көмекке шақырды. Қазіргі жағдайға байланысты уақытша қиындыққа тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсету қажеттігі айтылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қиындыққа тап болғандарға қолдау
БАӘ аумағында уақытша жүрген немесе транзитпен өтіп бара жатқан көптеген қазақстандық азаматтарға көмек қажет болуы мүмкін. Оларға уақытша баспана, тамақ немесе басқа да маңызды көмек ұсынуға мүмкіндігі бар азаматтардан хабар күтілуде. Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған отандастарымыз туралы мәлімет болса, дипломатиялық өкілдіктерге хабарлау сұралды.
Байланыс телефондары:
Авиакомпания Air Astana өз есебінен Таяу Шығыстағы 735 жолаушыны бір тәулікке қонақүйге орналастырғанын хабарлады. Бұдан әрі оларға құқықтық көмек көрсету немесе елге қайтару мәселелерін шешу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған шұғыл байланыс нөмірлеріне хабарласу қажеттігі айтылды.
Не себепті көмек қажет болып отыр?
Бұған дейін Дубай әуежайында бірнеше қазақстандықтың ұша алмай қалғаны хабарланған еді. Аймақтағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты әуе кеңістігінің жабылуы себеп болған. Отандастарымыз консулдық пен елшілікке хабарласа алмағанын айтқан.
Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі бірқатар елдерде жедел желілер ашқаны белгілі болды.
-
Қазақстандық блогер Дария Қуатжан Катарда демалып жүргенде күтпеген жағдайға тап болды. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол елдегі ахуалдың белгісіз екенін және гүрсілдеген дыбыстар жиілеп кеткенін айтты.
-
The Consulate General of Kazakhstan in the UAE is seeking assistance for citizens experiencing temporary hardships, including accommodation and essential aid.