Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 01 мар. 2026 15:30
- 23
"Гүрсілдеген, дүрсілдеген дауыстар": Катарда демалыстағы қазақ аруының қорқынышы
Қазақстандық блогер әрі көпшілікке танымал ару Дария Қуатжан шетелге демалуға барып, күтпеген жағдайға тап болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, дәл қазір ол Катарда жүр. Алайда демалыс сапары шиеленіскен жағдаймен тұспа-тұс келген.
Дария жазбасында қазіргі ахуалдың белгісіз екенін айтып, гүрсілдеген дыбыстар жиілеп кеткенін жеткізген.
«Катардағы қазіргі жағдай: гүрсілдеген, дүрсілдеген дауыстар жиі. Жәй желден шығар деп қойып отырмыз қыздармен. Біз өте тыныш қала шетіндегі райондамыз, қаладағы жағдай әзірге белгісіз», – деп жазды ол.
Сондай-ақ блогер бұл сапарға ұзақ уақыт жұмыс істеп, әрең шыққанын айтып, жағдайдың дәл осылай өрбитінін күтпегенін жасырмады.
«Бір жыл бойы тоқтамай жұмыс жасап, қайда кетсем де кеттім деп, Катарға саяхаттап кетіп едім, қайдан білейін соғыс жағдайын… Не болса да Алла қалауы, аман болайық», – деді Дария Қуатжан.
Бұған дейін ол: «Мә, достар, дәл қазір мен де Катардамын. Бір шет елге шыға қояйын десем, соғыс басталып кетті», – деп жазба жариялаған болатын.
Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, амандық тілеп жатыр.