Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
БАӘ қазақстандықтарға тиесілі 217 мүлікті жариялады

Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандықтарға тиесілі жылжымайтын мүліктердің саны жарияланды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 217-ге жеткен.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Активтер мен міндеттемелер декларациясы

Комитеттің BES.media редакциясына берген жауабында айтылғандай, 2025 жылға арналған активтер мен міндеттемелер декларациясында (СЕФ 250.00) қазақстандықтар БАӘ-дегі 168 мүлкін көрсеткен.

2024 жылғы декларация

Ал 2024 жылдың табыс пен мүлік декларациясында (СЕФ 270.00) тіркелген 49 мүлік бар. Осылайша, 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, БАӘ-дегі қазақстандықтардың жалпы мүлік саны 217-ге тең болды.

Мемлекеттік кіріс комитеті бұл нысандарға жеке тексеріс жүргізілмегенін атап өтті.

Новости

Реклама