Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Балқаш кафесінде атыс болып, официант жараланды

Балқаш қаласындағы кафеде тұтынушылар арасында жанжал туындап, атыс болып, салдарынан официант қыз жараланған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаладағы мекемелердің бірінде таныс адамдар арасында сөздік жанжал шыққан. Келе-келе жанжал төбелеспен ұласып, оның барысында травматикалық қару қолданылған.

Оқиға салдарынан кафенің официанты жарақат алды. Оның жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Қылмыстық іс қозғалды

Болған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жанжалға қатысқан барлық тұлғалардың анықталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауда ұстауда», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Новости

Реклама