Последнее обновление

(Время обновление 3 недели назад)
Батыр жүрек жаттықтырушы. Ақтөбеде құдыққа құлаған баланы құтқармақ болған ер адам қаза тапты

Батыр жүрек жаттықтырушы. Ақтөбеде құдыққа құлаған баланы құтқармақ болған ер адам қаза тапты

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында жас қызды құтқармақ болған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай кезінде өз өмірін тәуекелге тіккен марқұм – Нұрбол Бердіғалиев екені анықталды.

Ол – Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес жаттықтырушысы, алты баланың әкесі. Нұрбол 2017 жылдан бері Жарлы ауылында еңбек етіп, шәкірт тәрбиеледі. Оның жетекшілігімен 40-қа жуық спортшы республикалық және облыстық жарыстарда топ жарса, 20-сы спорт шеберлігіне үміткер атанған.

Нұрбол Бердіғалиев – жай ғана жаттықтырушы емес, шынайы ерлік жасаған, жанын қиып, бір өмірді арашалаған адам.

Артында алты баласы қалды.

Мұндай жандар туралы үнсіз қалуға болмайды. Ерлігі – ел есінде қалуы тиіс.

You Might Also Like

Новости

Реклама