Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Бекзат Алмахан UFC тарихындағы Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты жасады

Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан (12-2) әлемдегі ең мықты лига саналатын UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді. UFC 315 турнирі аясында (Монреаль, Канада) ол промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Tengri Sport сайтына сілтеме жасаған Vesti.kz. 27 жастағы қазақстандықтың алғашқы алдын ала жекпе-жегіндегі қарсыласы 33 жастағы жергілікті файтер Брэд Катона (14-5) болды. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы айқас Бекзат Алмаханның 64 секундта жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласына дәл соққы жасап, нокдаунға түсіріп, соңына дейін соққылармен тоқтатты — төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл Бекзаттың кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі және UFC-дегі есеппен 1-1 нәтижесі. Ол 2024 жылдың наурыз айында UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілген еді, бірақ бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, көпшіліктің есінде қалған болатын. Ал Брэд Катона үшін бұл – ММА-дегі 19 кәсіби жекпе-жегінде алғашқы уақытынан бұрынғы (досрочное) жеңілісі. Айта кетейік, UFC 315 турнирі аясында екі чемпиондық жекпе-жек өтеді: Валентина Шевченко (24-4-1) Манон Фиороға (12-1) қарсы белбеуін қорғаса, Белал Мухаммад (24-3-0-1) Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы шығады.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама