
- 11 мая 2025 11:00
- 67
Путин Украинаға ешқандай шартсыз тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Украинаға ешқандай шарт қоймастан тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды.
Оның айтуынша, Ресей мұндай диалогты 15 мамырда Ыстамбұлда бастауға дайын.
"Ертең бізде Президент Ердоғанмен әңгіме жоспарланған. Мен одан осы келіссөздерді өткізу мүмкіндігін сұрауын өтінемін", — деді Ресей басшысы.
Сонымен бірге, ол Украина мен Еуропа елдерінің 30 күндік бітім туралы ұсынысын қабылдамай, ультиматуммен келіспейтінін және өз шарттарын ұсынатынын білдірді.
"Біздің ұсыныстар үстелде жатыр, шешімді Украина мен олардың еуропалық қамқоршылары қабылдайды", – деді Путин.
Ресей Федерациясы Киевтің реакциясына байланысты үш күндік мамыр бітімін ұзарту мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 80 жылдық Жеңіс мерекесіне байланысты жарияланған бітімнің аяқталғанын растады.
Путин баспасөзге шыққан соң, Песков 15 мамырда Ыстамбұлда жоспарланған Украинамен келіссөздердің "тиісті деңгейде" өтетінін айтты.
Путиннің кеңесшісі Юрий Ушаков Ресей тарапынан келіссөзге делегация баратынын және оның құрамы кейінірек жарияланатынын жеткізді.
Ресейлік БАҚ Владимир Путиннің алдағы мәлімдемесін "АҚШ-тың кешкі прайм-таймын шайқалтады" деп анонс жасаған еді.
Ресей президентінің сөзін CNN, NBC және BBC тілшілері бақылауға жіберілді, бірақ журналистерден сұрақ қабылдау қарастырылмаған.
Путиннің мәлімдемесіне дейін Франция, Ұлыбритания, Польша және Германия кіретін "қалағандар коалициясы", сондай-ақ Украина 12 мамырдан бастап 30 күндік толық және шартсыз атысты тоқтату туралы ұсыныс жасаған еді. Еуропалық көшбасшылар егер Мәскеу бұл ұсыныстан бас тартса, санкциялар едәуір күшейетінін ескерткен.
CNN телеарнасына берген сұхбатында Дмитрий Песков Ресей бұл 30 күндік бітім туралы ұсынысты қарастырып жатқанын айтты.
Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу кезінде, егер Ресей ешқандай шарт қоймай атысты 30 күнге тоқтатуға келіссе, Украина тікелей бейбіт келіссөздерге дайын екенін жеткізген.
Ресейлік ақпарат құралдарының айтуынша, бұл Кремльде алғаш рет түн ортасында өткен баспасөз мәслихаты болды. Журналистер Владимир Путиннің шығуын бір сағаттан аса күткен.
-
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Курск облысын Украина әскерінен толық азат еткенін жариялады. Сонымен қатар, Ресей Қорғаныс министрлігі алғаш рет Курскіні Солтүстік Корей әскерінің күшімен қо...