Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

 

Белгілі журналист, «Qazsport» телеарнасының тұңғыш директоры Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Қаралы хабарды «Qazaqstan» ұлттық арнасы таратты, деп хабарлайды «Адырна».

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында репортер болып бастаған. Кейін «Хабар» агенттігі мен «Qazaqstan» телеарнасында спорт журналисі болып жұмыс істеді. Ол «Qazsport» телеарнасының алғашқы директоры, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003–2007 жылдары Спорт және туризм істері агенттігінде баспасөз қызметінің басшысы, кейінгі жылдары бірқатар мемлекеттік және спорт мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды. Олимпиада, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарында ҚР құрамасының баспасөз атташесі ретінде еңбек етті.

Ол 2025 жылғы 7 мамырда Ақтауда өткен ІІМ-нің көшпелі отырысы кезінде инсульт алып, комаға түскен еді.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама