Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Бишімбаев Салтанатты қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған – Меруерт Түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева Алматыда қайтыс болған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, бұл оқиға суицид емес, қасақана жасалған қылмыс деп есептейтінін жеткізді. Оның айтуынша, 21 жастағы КИМЭП студенті Ақнәрді өзімен бірге жүрген құрбылары бірнеше ай бойы ұрып-соғып, ақыры жетінші қабаттан итеріп жіберген.

– Бұл фотода тұрған қызымызды өзімен бірге жүрген қыздар 8-9 ай бойы қорлап, тонап, соққыға жыққан. Ақыры жетінші қабаттан итеріп жіберген. Ал қылмыстық іс "суицид" деп тіркелген, – деп жазды ол.

Әнші күдіктілердің бірі 24 жаста, өзгелері 20-да екенін айтты. Оның пікірінше, ата-аналар қыздарының кіммен араласып жүргенін үнемі қадағалап отыруы қажет.

– Бишімбаев Салтанатты қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де құрбылары солай азаптаған. Ашық сотты талап етеміз! Халық олардың бет-жүзін көруі керек! – деп мәлімдеді ол.

Ақнәрдің анасы да істің әділ тергелуін сұрап, әділдік іздеп жүр.

You Might Also Like

Новости

Реклама