Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Белградта мыңдаған адам президенттің отставкасын талап етті

Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам ел президенті Александр Вучичтің отставкасын талап етіп, алаңға шықты. Наразылық акциясы қаланың орталығындағы Славия алаңында өтті. Халық мерзімінен бұрын сайлау өткізуді және 10 жылдан астам уақытқа созылған Вучич билігінің тоқтатылуын талап етті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Акция кезінде полиция наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен жарық-дыбыс гранаталарын қолданды. Халық арасынан да қарсылық болып, қоқыс жәшіктерін өртеген сәттер болды. Полиция мен наразылар арасында қақтығыс орын алды.

Президент мерзімінен бұрын сайлау өткізуге келісті

Осы жағдайларға байланысты президент Александр Вучич осы күзде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл Сербиядағы соңғы он жылдағы бесінші сайлау болады және төртінші рет мерзімінен бұрын өтеді.

Наразылықтардың себебі

Сербиядағы наразылықтар шамамен бір жарым жыл бұрын Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында шатырдың құлауы салдарынан 16 адам қаза тапқан трагедиядан кейін басталған. Акцияларды жастар қозғалысы ұйымдастырып отыр. Олар сыбайлас жемқорлық пен тиімсіз басқаруға қарсылық білдіруде.

Полицияның бағалауы бойынша, алаңда және оған жапсарлас көшелерде 34 300 адам жиналды. Ал, халықтық жиындарды бақылайтын «Архив» ұйымы бұл санды шамамен 100 000 адам деп бағалады.

Новости

Реклама