
- 28 мая 2025 12:01
- 43
Берденов ісі: «Ол менің әйеліме тиісті» – күдіктінің жұбайы мәлімдеме жасады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату дерегіне байланысты тергеу жалғасып жатқан тұста, күдіктінің жұбайы Луиза Алданова әлеуметтік желіде алғашқы рет мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, соңғы бір ай отбасы үшін ауыр сынаққа айналған.
▪️ «Жапа шеккен Берденовтің амандығын тіледік»
– Өткен бір айда әр минутымыз уайыммен өтті. Руслан Берденов мырзаның сауығып, ауруханадан үйіне оралғанын естідік. Енді ертерек айығып, қызметіне қайта оралсын деп тілейміз, – деді Алданова.
▪️ «Бұл іске менің қатысым жоқ»
Алданова атышулы оқиғаға өзінің қатысы бары туралы желіде тараған қауесетті жоққа шығарды.
– Ата-анамның берген тәрбиесі, иманым мені мұндай арсыз әрекеттен сақтайды. Бұл іске ешқандай қатысым жоқ, – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, күдікті қамауға алынып, «қасақана кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Ол оқиғаны отбасылық жанжалмен байланыстырып, «Берденов менің әйеліме тиіскен» деген уәж айтқан.
Іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Тергеу органдары нақты мән-жайды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
-
Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдының бауырлары құрылыс саласында бизнес жүргізетіні белгілі. «Власть» сайтының мәліметінше, олардың Кіші Талдыкөл аумағындағы құрылыс жобаларына қатысы бар. 2023...
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады. Кездесуде энергетика, мұнай-химия, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашыл...