
- 28 мая 2025 11:57
- 44
Адвокат: «НЗМ қысымға бой алдырмауы тиіс»
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен емтихан кезінде ереже бұзғаны және мұғалімді балағаттағаны үшін оқушы шығарылды. Ата-аналар тарапынан қысым көрсетіліп жатқаны жөніндегі ақпаратқа байланысты белгілі адвокат Таир Назханов пікір білдірді.
▪️ «Үздік мектептерде мұндайға кешірім жоқ»
– Ең үздік мектептерде әдепсіздікке ешкімге кешірім жасалмайды. Ереже бәріне ортақ. Сенім де осыдан қалыптасады, – деді Назханов.
Оның айтуынша, бұл оқиға бір оқушының тәртібінен гөрі, тұтас білім беру жүйесінің беделі мен қағидаларына тікелей әсер етеді. Адвокаттың пікірінше, егер мектеп ата-аналардың арызы мен «телефон шалу» арқылы қысымға көнсе, онда мұндай мекеме қағаз жүзінде ғана мектеп болып қалады.
– Мұндай жағдайда жеңілдік жасау – жүйені іштен ірітіп-шірітумен тең. Элиталық мектепке мұндай тәртіпсіз оқушы қалай қабылданғаны да – бөлек сұрақ, – деді Таир Назханов.
Оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар пікірінше, бұл жағдай білім беру мекемелеріндегі тәртіп, талап пен сенім мәселелерін қайта қарауға түрткі болуы мүмкін.
-
Мәжіліс депутаты Марат Башимов жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында Бас прокуратураға жаңа ұсыныс жолдады. Ол бойынша, шенеунік өз табысының заңды жолмен келгенін дәлелдей алмаса, мемлекет оның ...