
- 09 июн. 2025 16:57
- 21
Берешегі барларға шекара жабық: Салық кодексіне жаңа талап енгізіледі
Қазақстанда салық төлемегендерге қатысты бақылау күшеймек. Жаңа Салық кодексі жобасында қарызы бар азаматтардың шетелге шығуына автоматты тыйым салу ұсынылып отыр.
Бүгінге дейін мұндай шектеу тек сот шешімімен ғана енгізілетін. Алдымен борышкерге ескерту жасалып, іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Олар сотқа жүгініп, шешім шыққан соң ғана азаматтың елден шығуына тосқауыл қойылатын.
Енді бұл процедура жеңілдетіліп, салық органдарына көбірек өкілет берілуі мүмкін. Олар борышкердің елден уақытша шығуын өздері шектейтін қаулы шығарып, сотқа жібереді. Сот үш күн ішінде бұл құжатты бекітуі немесе кері қайтаруы тиіс. Қаулы мақұлданса, шетелге шығуға қарыз өтелгенге дейін автоматты түрде тыйым салынады.
Бұл талап тек жеке азаматтарға ғана емес:
- жеке кәсіпкерлерге,
- компания директорларына да қатысты болады.
Құжат қазір Сенаттың қарауында. Қолдау тапса, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.