instagram.com/boxingkazakhstan
- 14 мар. 2026 17:30
- 26
Бес бес қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирдің финалына шықты
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан "Болашақ кубогы" халықаралық турнирінде бес қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы бұл додада ел намысын қорғайтын спортшылар ертең, наурыздың 15-і күні алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалға шыққандар кімдер?
Турнирдің финалына Жалғас Өтебеков (-90 кг), Досжан Жұмақан (-60 кг), Бейбарыс Әшірбай (-70 кг), Камила Оспанова (-70 кг) және Айдана Обайдуллақызы (-80 кг) сынды боксшылар шықты.
Жартылай финалдағы жекпе-жектер
90 келіге дейінгі салмақта Жалғас Өтебеков самоалық Энтони Патимен кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Ал 60 келідегі Досжан Жұмақан француз Давид Харутюнянды 4:1 есебімен ұтты.
70 келіде Бейбарыс Әшірбай марокколық Маруан Джаафриді 5:0 есебімен жеңсе, қыздар арасындағы 70 келіде Камила Оспанова америкалық Марли Макнилиді жеңді. 80 келідегі Айдана Обайдуллақызы вьетнамдық Тхи Май Ан Дамды бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді.
Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырған бұл турнирге 19 қазақстандық боксшы қатысқан болатын.