НОК
- 04 июн. 2026 00:30
- 26
Бес қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте көшбасшылықты сақтап қалды
World Boxing халықаралық федерациясы әуесқой боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық боксшылар бірнеше салмақ дәрежесінде алдыңғы орындарды иеленді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейтингтегі қазақстандықтар
Жаңа рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін), Махмұд Сабырхан (55 кг дейін), Төрехан Сабырхан (70 кг дейін), Айбек Оралбай (90 кг жоғары) және Наталья Богданова (70 кг дейін) өз салмақтарында бірінші орынды иеленді.
Екінші орындарда Назым Қызайбай (48 кг дейін), Айда Әбікеева (65 кг дейін) және Нұрбек Оралбай (80 кг дейін) тұр.
Үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 кг дейін), Надежда Рябец (80 кг дейін), Дина Исламбекова (80 кг жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 кг дейін), Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін) және Нұрбек Оралбай (85 кг дейін) түйіндеді.
Бокстан әлем кубогы
Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.