Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Билет бар, бірақ орын жоқ: Air Astana жолаушыны ұшаққа мінгізбей қойды

Air Astana әуе компаниясының жұмысына қатысты наразылықтар жиілеп кетті. Бұл жолы айтыскер ақын Сырым Әуезхан алдын ала билет сатып алғанына қарамастан, әуежайда ұшаққа отырғызылмағанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданды.

Оның айтуынша, жолаушыға «орын жоқ» деген жауап берілген. Бұл жағдай көпшіліктің ашуын тудырып, әуе компаниясының қызметіне қатысты сын айтылуда.

Бұған дейін де билеті бар жолаушыларды ұшаққа отырғызбай қою деректері тіркелген болатын. Бұл жағдайлар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жолаушылар құқығының қорғалуы мәселесі қайта көтерілді.

Әуе компаниясы тарапынан бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Новости

Реклама