- 01 февр. 2018 00:00
- 315
Byton — Tesla-ның Қытайдағы бәсекелесі
Жыл сайын Халықаралық тұтынушылық электроникаларының көрмесінде (ТЭК) автокөлік стендтерінің саны артып келеді. Бұл көліктердің тек тасымал құралы ғана емес, нағыз гаджеттерге айналып бара жатқанын білдіреді. Бұл көрменің жарық жұлдызы қытайдың электр күшімен қозғалатын, өндіріске дайын кроссовер - Byton жобасы болды.
Byton концепт
Byton — бұл BMW-нің бұрынғы жұмысшылары негізін қалаған компания. Барлық дайындық жұмыстары Мюнхенде жүргізілгенімен, өндіріс Қытай еліне жүктелген. Әрине, дәл қазір ешқандай өндіріс жолға қойылған жоқ. Алайда, оны 2019-жылы іске қосуға уәде берді. Сол кезден бастап ол Қытайда сатылымға шыға бастайды. Кроссовердің өзі артқы желімен, жалпы қуаты 272 л/с электрқозғалтқышымен және 400 шақырым қосымша жүру батареясымен жабдықталған. Ақшасын артығырақ төлеген кроссовердің болашақ қожайындары көліктерін толық желімен, қуаты 476 л/с қозғалтқышпен жабдықтап және қосымша жүру мөлшерін 520 шақырымға арттыра алады. Byton-ның кез-келген нұсқасында тез қуаттағыш болады. Ол 35 минутта автокөлікті 80%-ға дейін қуаттап береді.
Гаджет деуге де болады
Автокөлік сыртынан заманауи әрі тартымды көрінеді. Бірақ, ең бастысы – оның ішінде. Жүргізушінің әдеттегі басқару элементтері болмайды, ол көлікті бұрынғыдай жүргізбейді. Оның орнына салонның бүкіл енін алып тұрған, үлкендігі 40 дюймдік экран болады. Рөлде тетіктердің орнына «алынып-салынатын» планшет болады. Бірақ, бұл элемент туралы әлі нақты шешім шыққан жоқ. Бірақ, үлкен дисплейді болатыны анық. Кроссоверді басқару үшін BytonLife жүйесі қолданылады. Ол жүргізушінің барлық баптауларын жадына сақтап алып, бұлттық қоймаға жүктеп қояды. Осылайша, әр жүргізуші өз баптауларын компанияның кез-келген автокөлігінде пайдалана алады. Оның үстіне, көлік ішінде үлкен панорамалық шатыр, виртуалды айна, адамның бет-әлпетін танитын ішкі камера мен өзгеріп тұратын салон болады.
Баға мәселесі
Сатылым 2019-жылы Қытайда басталады. 2020-жылы компания АҚШ-қа барады. Кроссовердің негізгі нұсқасы 45 000 доллар тұрады. Бірінші сатып алушы үшінші буынның дайын автопилотына ие болады. 2021-жылы компания төртінші буынды автопилотпен жаңартылған нұсқасын шығарады. Енді тек Byton бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, Faraday Future-ге айналады деп үміттенейік.