Photo: Brett Sayles (https://www.pexels.com/@brett-sayles) / Pexels
- 26 февр. 2026 08:30
- 23
Дариға Бадықова экс-күйеуі мен журналистті сотта жеңіліп қалды
Танымал тұлға Дариға Бадықова экс-күйеуі Нұрсейіт Жылқышыбайға қатысты сот ісінде жеңіліп қалды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот талаптары қабылданбады
Заңгердің айтуынша, Дариға Бадықова соттан бірнеше талап қойған. Оның ішінде 2025 жылғы 4 қазанда YouTube-те жарияланған сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, сондай-ақ 1 миллион теңге моральдық шығын, 2,5 миллион теңге заңгерлік шығын және 802 мың теңге сараптама ақысын өндіріп беруді талап еткен.
Яғни, Бадықова материалды жойып, журналист пен экс-күйеуін жауапкер етіп, кешірім сұратуды және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндіртуді көздеген.
Журналист толық ақталды
Алайда, сот бұл талаптардың барлығын қанағаттандырусыз қалдырды. Заңгер Инга Иманбай сотта журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатысып, оны толық қорғап шыққанын атап өтті.