Photo: Bulat843 🌙 (https://www.pexels.com/@bulat843-1243575272) / Pexels
- 07 апр. 2026 05:30
- 24
«Дариға емес екен»: Олжас Абайдың жас әйелі бар болып шықты
Актер Олжас Абайдың өзінен әлдеқайда жас қызбен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға қатысты түрлі пікірлер айтылуда.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас әйелінің мәлімдемесі
Threads платформасында жарияланған суреттерде актердің бойжеткенге ерекше ілтипат танытып, еркелете қараған сәттері байқалады. Желі қолданушыларының кейбірі бұл қыздың танымал әулеттен екенін, ал кейбірі актердің бұрынғы қарым-қатынасы тек хайп болғанын айтуда. Сондай-ақ, қыздың актерден жас екені және олардың ұлы бар екені де айтылды.
Кейбір қолданушылар тараған фото мен видеолардың шынайылығына күмән келтіріп, олардың жасанды интеллект арқылы жасалуы мүмкін екенін алға тартты.
Отбасы жағдайы туралы
Жас әйелі өзінің желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, отбасы жағдайын түсіндірді. Ол 2017 жылы ажырасқанын, ал 2018 жылы Олжас Абаймен отау құрғанын айтты. Олардың 5 жасар Карим есімді ұлы бар екенін жеткізді.
«Мен тоқал емеспін. Олжастың Дубайдағы үйге қатысы жоқ. Мен өз жағдайымды өзім жасадым. Екі кәсіппен айналысамын. Қазір екі қаладамыз. Олжас 1989 жылғы, мен 1997 жылғымын», - деп жазды ол.