Последнее обновление

(Время обновление 4 дня назад)
Димаш Құдайберген жаңа халықаралық тележобасын таныстырды

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» атты халықаралық тележобасының басталатынын жариялады. Бұл жоба әлемнің әр түкпірінен келген таланттарды біріктіріп, үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жобаның ерекшеліктері

Димаштың айтуынша, жобаға бір күннің ішінде 40 мың адам тіркеліп, үлкен қолдау тапты. Әнші өзінің Instagram парақшасында бұл жаңалықты бөлісіп, көрермендерге алғысын білдірді.

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Бір күнде байқауымызға 40 000 адам тіркелді — қолдауларыңызға мың алғыс! Алғашқы турды бәріміз бірге, үлкен экраннан тамашаласақ деймін: кіру тегін. Қай зал немесе арена ыңғайлы? Ұсыныс қалдырыңыздар, ертең кешке орнын хабарлаймыз. @voicebeyondhorizon”, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Жобаның көрсетілімі

Халықаралық музыкалық шоу 5 ақпаннан бастап әр бейсенбі сағат 22:00-де Қытайдағы Hunan TV телеарнасында және Mango TV онлайн платформасында көрсетіледі. Қазақстанда бағдарлама Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Жоба Қазақстанның алты өңірінде түсіріліп, елдің табиғи сұлулығы мен туристік әлеуетін әлемге танытуды мақсат етеді. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары бар.

Новости

Реклама