Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Домаланған шапан

Қожанасырдың әйелі өте долы, ұрысқақ екен. Бір күні қатты ашуланыпты да, баспалдақта тұрған Қожанасырды салып қалады. Қожекең құлап, тасырлатып домалай жөнеліпті.

Дүбірді естіген соң көршісі келіпті де:

— Жаңағы тарсылдап домаланған немене? — деп сұрапты.

— Менің шапаным ғой, — депті Қожа ештеңе сездіргісі келмей.

— Шапан да домалай ма екен?

— Е, шырағым-ай, шапанның ішінде мен бармын ғой.

 


You Might Also Like

Новости

Реклама