Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Диктанттар жинағы (4 сынып)
4 – сыныпқа арналған қазақ тілінен диктанттар жинағы
Алғы сөз
Бұл қосымша әдістемелік құрал 4 - сынып оқушыларына
«Бастауыш жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін» басшылыққа ала құрастырылған.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру.
Ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасы материалдарын меңгергендігін тексеру мақсатында өткізеді.

Мақсаты:
- қазақ тілінде естігенін тыңдай білу, жазуға дайын болу;
- грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем – дағдыларын тексеруге бағытталған
- туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу

Негізгі мақсаты – оқу орыс тілінде жүретін мектептердің оқушылырын қазақ тілінен алынатын ағымдағы бақылауға дайындау

Ағымдағы бақылау міндеттері:
- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру;
- Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
- Оқушының білім сапасына салыстырмалы талдау.

Диктант мәтіндері мен тапсырмалар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған емтихан материалдарын негізге ала құрастырылды.

0 – дік үзік
Мақсаты: мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру.
Бақылау диктанты оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем - дағдыларын тексеруге бағытталған.

Диктант
Ала мысық
Ала мысық алаңсыз. Ұйқысы тыныш. Тамағы тоқ. Төсегі жұмсақ. Үсті - басы таза. Мысық – тазалықты ұнататын үй жануары. Марат оны сабындап жуындырады. Тіпті ұйықтағанда бірге алып жатады.
Осы үйде оны бәрі еркелетеді. Жонынан сипауға баршасы құмар. Ол өте сүйкімді. Ойнағанды жақсы көреді. (40 сөз)

І Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар
І нұсқа мысық
ІІ нұсқа бәрі

ІІ Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
І нұсқа жануарлар, балалар
ІІ нұсқа үйлер, адамдар

ІІІ
І нұсқа Мысық туралы әңгіме құрап жазыңдар
ІІ нұсқа Ит туралы әңгіме құрастырыңдар

Диктант
Қазақстан қалалары
Қарағанды – орталық Қазақстан облысы. Ірі өнеркәсіп орталығы. Қостанай - мәдениет орталығы. Жамбыл – ірі өнеркәсіп орталығы. Қызылорда қаласының тарихы бай.
Алматы – Қазақстанның бұрынғы астанасы. Алатау баурайында орналасқан. Оның бұрынғы аты – Верный. Қала болып1854 жылы қаланыпты. Ғылым және мәдениет орталығы. Медеу мұз айдыны бар. Медеу шыңында 871 баспалдақ бар.
(47 сөз)
Тапсырмалар:

І Фонетикалық талдау
І – нұсқа орталық
ІІ – нұсқа мәдениет
ІІ Сандарды сөзбен жазыңыз
1854 –
871 –

ІІІ Павлодар туралы не білесің?
Аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: сауаттылық деңгейін тексеру; тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін бақылау; есте сақтау қабілеттерін дамыту өткен тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындату; өз Отанының тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.

Диктант
Астана
Қараөткел, Целиноград. Бұрынғы аты Ақмола. Есіл өзені бойында 1854 жылы әскери бекініс ретінде болған. 1868 жылы қала мәртебесін алды. Керуен жолдарына қолайлы болғандықтан «Дала өлкесі» деп атанған. Қазір Астана Қазақстанның солтүстік астанасы.
1998 жылдан бастап Қазақстанның Республикасының астанасы.
(45 сөз)

Тапсырмалар:
І Фонетикалық талдау
І нұсқа әскери
ІІ нұсқа мәртебе

ІІ Сандарды жазбаша жазыңдар
1854 –
1868 –
1998 –

ІІІ Мына сөзді тәуелдеңдер
І нұсқа өлке
ІІ нұсқа астана
ІҮ «Менің ауылым» әңгімелеу

Диктант
Мақсаты:
- қазақ тілінде естігенін тыңдай білу, жазуға дайын болу;
- грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем – дағдыларын тексеруге бағытталған
- спорттың денсаулыққа пайдасын білуге тәрбиелеу

Спорт
Спорт – адам өмірін ұзартады. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды болады. Біздің ата – бабамыз «тәні саудың – жаны сау» деген. Спорттың түрлері өте көп. Ол адамның қабілетіне байланысты. Спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлеміз. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрімен айналысу керек.
(47 сөз)
Тапсырмалар:
1 – тапсырма Спорт түрлерін ата
2 – тапсырма «Спорт» сөзін тәуелде
3 – тапсырма Сен қандай спорт түрін ұнатасың, несімен ұнайды?
Мақсаты:
- қазақ тілінде естігенін тыңдай білу, жазуға дайын болу;
- грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем – дағдыларын тексеруге бағытталған
- сыйлықты дұрыс сыйлай білуге тәрбиелеу

Диктант
Ең жақсы сыйлық
Досыңды атаулы мерекемен немесе туған күнімен құттықтағың келгенде кітап сыйлағаның дұрыс. Кітап – ең жақсы сыйлық. Қажет кітапты мұқият таңдап алуың керек. Өзің мазмұнын білмейтін, кез келген кітапты сыйға тарту дұрыс емес. Тағы бір ескеретін нәрсе құттықтау сөзіңді кітапқа жазуға болмайды.
Ол кітап авторына ғана жарасады.

(45 сөз)
Тапсырмалар
1. Мына сөзді тәуелде:
І нұсқа Кітап
ІІ нұсқа сыйлық

2. Мына сөйлемге сұрақ қой
І нұсқа 2 – сөйлем
ІІ нұсқа 3 – сөйлем

3. Сен қандай кітапты жақсы көресің?
Кітап туралы өз ойыңды жаз
Мақсаты: сауаттылық деңгейін тексеру; тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін бақылау; есте сақтау қабілеттерін дамыту өткен тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындату; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Жылдық бақылау үзігі

Жазғы демалыс
Жазғы демалыс басталды. Шілде айында мен лагерьге барамын. Лагерь Бурабай көлінің қасында. Онда бәрі бар: көл, тау, орман. Біз орманда жаяу, көлде қайықпен серуендейміз. Көлге шомыламыз, балық аулаймыз. Хайуанаттар бағына барамыз. Онда аңдардың, құстардың, балықтардың түрлері көп. Бурабайдың табиғаты керемет! Балалар лагерьде жақсы демалды.
( 45 сөз)

Тапсырмалар:
1. Мына сөзге фонетикалық талдау жасаңыз
І нұсқа демалыс
ІІ нұсқа серуендеу

2. Мына сөзді тәуелдеңіз
І нұсқа көл
ІІ нұсқа тау
3. Мына сөйлемге сұрақ қойыңыз
І нұсқа Жазғы демалыс басталды.
ІІ нұсқа Балалар лагерьде жақсы демалды.
4. «Менің жазғы демалысым» атты шағын әңгіме құрастырыңыз

Құрастырған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері:
Омарбекова Кулгадиша Калияровна,
Каиргожина Людмила Петровна

You Might Also Like

Новости

Реклама