Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Екібастұз моногород мәртебесінен айырылды: Қаланың жаңа экономикалық бағыты

Екібастұз қаласы енді моногородтар тізімінде жоқ. Бұл тек ресми мәртебе емес, қаланың экономикалық құрылымындағы елеулі өзгерістерді білдіреді. Бұрын көмір мен энергетикаға тәуелді болған қала енді әртараптандырылған экономикаға бет бұруда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неге Екібастұз моногород статусынан айырылды?

Моногород дегеніміз – экономикасы бір ғана ірі кәсіпорынға немесе салаға байланысты қала. Екібастұз үшін бұл көмір және энергетика салалары болды. Бұған дейін қала экономикасының 60-70%-ы осы салаларға тікелей немесе жанама түрде тәуелді еді. Қала тұрғындарының әрбір үшіншісі осы салаларда жұмыс істеді. Енді бұл тәуелділік азайды, экономика әртараптандырылды.

Екібастұздың моногородтар тізімінен шығуы кездейсоқ емес. Оған бірнеше себеп бар: градообразующий сектордың үлесі 50%-дан төмендеді, көмір саласынан тыс жаңа кәсіпорындар пайда болды, шағын және орта бизнес дамып, инвестициялар тартылуда.

Соңғы жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20-30%-ға өсті. Шағын және орта бизнестің үлесі экономикада 25-30%-ға жетіп, өсуде. Көмір саласынан тыс жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын артып келеді.

Қаланың жаңа экономикалық драйверлері

Екібастұз бір күнде өзгерген жоқ. Қаланың әртараптандырылуы бұрыннан басталған. 2000-шы жылдары теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыт және вагондар құрастыратын кәсіпорын іске қосылды. Бұл көмір өндіруші қаланы көлік-өнеркәсіптік хаб ретінде дамытуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда қалада теміржол саласына қажетті компоненттер мен жабдықтар шығаратын, вагондар құрастыратын және жылжымалы құрамға арналған бөлшектер өндіретін ірі теміржол кластері жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салалары дамып, айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Теміржол кластерімен қатар, металлургия секторы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда екі ферроқорытпа зауыты жұмыс істеп тұр, үшіншісі салынуда. Бұл кәсіпорындар жылына 460 мың тоннаға дейін өнім шығарып, Қазақстанға ферросилиций нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, катодты мыс өндіру жобалары да қолға алынуда.

Жергілікті билік өкілдерінің бағалауынша, жылына 1 миллион тоннаға дейін болат шығаратын, құны шамамен 500 млрд теңге болатын электрометаллургия зауытының құрылысы ерекше маңызға ие. Өнімнің 40%-ға дейінін ТМД және Еуропа елдеріне экспорттау жоспарлануда. Бұдан бөлек, IT-секторды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін жоғары технологиялық «Деректерді өңдеу орталықтарының аңғары» жобасы да бастау алды.

Қаланың инфрақұрылымы да жақсаруда. Жыл сайын 87 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде, құрылыс жұмыстарының көлемі 124 млрд теңгеге жетті. Соңғы бес жылда 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Артықшылықтары мен кемшіліктері

Екібастұздың моногород статусынан шығуы – жақсы жаңалық. Алайда, қала әлі де дамудың өтпелі кезеңінде. Бұл кезең ең тұрақсыз, бірақ ең перспективалы кезең болып саналады.

Артықшылықтары:

Кемшіліктері:

Дегенмен, сарапшылар 2023-2024 жылдары қалада жаңа, тұрақты экономикалық модельдің қалыптаса бастағанын атап өтуде. Бұл модель алдағы уақытта да кеңейе түспек.

Новости

Реклама