- 12 янв. 2017 00:00
- 250
ЭКСПО көрмесінде өсімдік арқылы телефон қуаттайтын құрылғы таныстырылады
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің Үздік тәжірибелер аймағында қонақтар мен келушілерге Bioo жаңашыл компаниясының жобасы таныстырылады. Әзірлеушілер өсімдік көмегімен смартфонды қуаттау жолдарын көрсетеді. Бұл туралы Astana Expo 2017 көрмесінің ресми твиттер-аккаунтында хабарланды.
«Телефонды қуаттау үшін бізге өсімдік, USB-сым және смартфонның өзі керек», - дейді әзірлеушілер USB-сымды құмырадағы тас секілді аралыққа жалғап.
Еске сала кетсек, ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді, оған 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.